Последние новости и посты Telegram канала Қазақ Бабыл
кейде түркітану бойынша бір оқу клубын ашқың келіп кетеді екен... Астанада, әрине.
екі негізгі талап болар еді:
• қазақ тілін білу (өйткені талқы қазақ тілінде)
• ағылшынның академиялық жазба тілін жалпы түсіну
Рона-Таш, Штефан Георг, Ларш Йоханссондарды бірге оқып талдап, талқылап отырар едік.
Олжас Сүлейменовке де, «Шыңғыс ханның моңғолға ТҮК қатысы жоқ» дейтіндерге де, басқасына да ренжитініміз, қазақтың «ұлылығын», «кереметін» көре алмағанымыз, көпсінгеніміз деп түсінеді ғой біреулер.
шындығы — керісінше: қазақ өз тарихымен мақтану үшін ертегілер құрастыруға мәжбүр бір бейшара халық
Моңғол империясының орыс түгіл, ағылшыны да, түрігі де, арабы да, қытайы да мойындайтын, былайша айтқанда, «моңғолдығын» жанталасып: «ойбай, орыс ғалымдарының ойлап тапқан өтірігі!» дейміз, бірақ шынымен дәл орыс ғалымдары таскенедей айырылмай жабысып алған Алтай гипотезасына аузымызды аңқитып ашып
ағылшын-қазақ бір туған немесе түркі-герман бір туған:
ұйқысыз → ұйқысыра-
әлсіз → әлсіре-
семіз → семір-
қымыз → қымыран
тығыз → тығырық
is [ız] → are [ɑr]
was [wɑz] → were [wər]
more [mɔr] → most [moʊst]
better [ˈbɛdər] → best [bɛst]
elder [ˈɛldər] → eldest [ˈɛldəst]
әрі ең қызығы, байқасаңыз,
bitig.kz істемей қалды 😭
біз қазақша бір адамдай білетін, қазақ мектебін бітірген талай адамды танимыз, өздерінше бар орысшасын салып, құдды Ресейдің бір Екатеринбургінде туып-өскен орысы құсап тап-таза орысша блог жүргізеді, баласына орысша үйретеді.
сондайлар барда, қайдағы саған «орыстар неге орысша сөйлемейді?!» соған
мерекелік unpopular opinion: «орыстардың қазақша сөйлемейтіні» — тіл мәселесінің бөлігі емес.
біріншіден, ол жалған: қазақша сөйлейтін өңірлерде қазақшаға судай орысы да, кәрісі де, немісі де жетеді.
екіншіден, қазақша біле тұра қазақша сөйлеуге арланатын немесе туыстары, достары арқылы қазақ тілі
олсо, токсик болайықшы сәл-пәл... адамның қазақ тіліне деген махаббаты сонша үлкен болса, неге... қазақша сөйлемейді?
тіпті «Орхон-Енисейде — бір, қазақта — бир» дегенінің өзі бізге бір индикатор болып тұр...
3. Орыстың, жалпы славянның первый, перший «бірінші» дегендерінің «бір» сөзіне қатысы жоқ. Иә, олардың «один» сөзімен сәйкеспейтіні бесенеден белгілі, алайда ол орыстың төл түбірлерімен оңай түсіндіріледі. Орыстың первый «бірінші» сөзі:
→ көне шығыс славянша пьрвъ
→ арғы славянша *pьrvъ
→
рандом бір бетін ашып, оқи қойып едік... орфографиясы мен пунктуациясын сол қалпы берейік:
Числительное «один» представлено в современных тюркских такими формами: пир (шорское), пір (хакасско-тувинское), пер, перре (чувашское), бир (ногайское, каракалпакское, киргизское, узбекские, казахские, уйгур